• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
17 Қыркүйек, 2016

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығы  №315

225 рет
көрсетілді

  2016 жылғы 4 шілде, Астана қаласы «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 33 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9779 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 24 қазанда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті туралы ережеде: 11-тармақ алып тасталсын; 13-тармақта: 12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «12) әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды, сондай-ақ көрсеткіштерді есептеу әдістемесін келіседі;»; мынадай мазмұндағы 14), 15), 16), 17), 18) 19) және 20) тармақшалармен толықтырылсын: «14) шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу жөніндегі статистикалық әдіснаманы және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандарын бекітеді; 15) ұлттық санақтарды жүргізеді; 16) мемлекеттік органдардың қолдануы үшін метадеректерді қалыптастырудың үлгілік әдістемесін әзірлейді және бекітеді; 17) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеу қағидаларын бекітеді; 18) деректер базаларын ғылыми мақсаттарда сәйкестендірілмеген түрде ұсыну және пайдалану тәртібін бекітеді; 19) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізу қағидаларын бекітеді; 20) әкімшілік деректерді өтеусіз негізде ұсыну тәртібін бекітеді;»; 14-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) мемлекеттік статистика саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасының Президенті жарлықтарының және Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулыларының талаптарын сақтау тұрғысындағы тексерулерді қоспағанда, мемлекеттік статистика саласында респонденттерге қатысты мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»; мынадай мазмұндағы 10), 11), 12), 13), 14) және 15) тармақшалармен толықтырылсын: «10) әкімшілік дереккөздерге қатысты тексерудің және бақылаудың өзге де нысандарын жүргізу құқығымен мемлекеттік статистика саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады; 11) шаруашылық бойынша есепке алу деректерiнiң анықтығына нақтылау жүргізеді; 12) уәкілетті органның ресми дереккөздерден алған деректерін мониторингілеуді, талдауды және оларды салыстыруды жүзеге асырады; 13) респонденттер мен үй шаруашылықтары ұсынған деректерді қоспағанда, алғашқы статистикалық деректерді тіркеуді жүргізеді; 14) салықтық құпияны құрайтын мәліметтерге қолжетімділігі бар лауазымды тұлғалар тізбесін бекітеді; 15) салықтық құпияны құрайтын мәліметтер тізбесін және оларды мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ведомствосына ұсыну тәртібін бекітеді;»; 15-тармақта: 3) тармақша алып тасталсын; 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртіппен мемлекеттiк статистика саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша іс жүргізуді жүзеге асырады;»; мынадай редакциядағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын: «4-1) Парламент комитеттерінің, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі бөлімдерінің және өзге де мемлекеттік органдардын сұрау салулары бойынша ресми статистикалық ақпаратты тарату графигінде көзделмеген статистикалық ақпаратты ұсынады;»; 16-тармақ мынадай мазмұндағы 11-1) және 11-2) тармақшалармен толықтырылсын: «11-1) дербес деректерді қамтитын базаға иелік ету, пайдалану және билік ету; 11-2) байланыс операторларынан респонденттер бойынша байланыс деректерін алу; 22-тармақта: 5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен орталық аппаратпен келісу бойынша ведомстволық бағынысты мемлекеттік кәсіпорынның басшысы мен оның орынбасарларын тағайындайды;». 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрыққа қол қойылған сәттен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның баспа және электрондық түрдегі көшірмелерінің мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберілуін; 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын; 3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Қ.БИШІМБАЕВ